Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар нысандарды қорғау бойынша міндеттерді орындаған ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері құрамындағы Беларусь бөлімшелері Қазақстаннан ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Армения мен Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері де тұрақты орналасу орындарына РФ БКБ ВТА ұшақтарымен жеткізілетін болады. Олардың бөлімшелері техника мен жеке құрамды тиеуге кірісті. Ұшақтар Жетіген және Алматы аэродромдарынан ұшып шығады», делінген Almatyaqparat Telegram арнасында.