• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Қаңтар, 2022

Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне өтті

179 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында ATP рейтингінде 141-орында тұрған португалиялық теннисші Эрнесто Эскобедоны жеңді.

2 сағат 56 минутқа созылған аса тартысты кездесу 6:4, 5:7, 7:5 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов та негізгі кезеңге өткен еді.