• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған бүлдіршіннің отбасына барды

271 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар баланың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қара жамылған көпбалалы отбасыға барған Алматы әкімі қыздың ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі.

Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздік кезінде 4 жасар қыз көз жұмды, ал оның 15 жастағы әпкесі жансақтау бөлімінде жатыр.

Әкім жасөспірімнің тез сауығып кетуін тілеп, отбасыға материалдық көмек көрсетілетінін, сондай-ақ 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.

Қайғылы оқиға 7 қаңтарда Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орын алған. Қыз бен оның 15 жастағы әпкесі оқ атылған көлікте болған. Кішісі оқиға орнында көз жұмды, үлкені ауруханаға түсті.