• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Қаңтар, 2022

«Спутник Лайт» қашан қолжетімді болады?

300 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мен ревакцинация үшін қолжетімді препараттарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ел өңірлерінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар қолжетімді.

Вакцинация үшін «Спутник V», QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін); ревакцинация үшін: QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға) қолжетімді.

Сондай-ақ қаңтар айының соңынан бастап «Спутник Лайт» вакцинасымен ревакцинация жасауға болады.