Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аяома – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда жетінші геймде Анна мен Беатрис брейк жасап, сол басымдықты сақтап қалды.
Екінші сетте тай-брейкте жапониялықтар әбжілдік танытты. Супер тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұп 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қарсыластарының таразы басын теңестіруіне жол берді. Дегенмен сосын екі мини-брейк жасап, жеңісті жұлып алды.
Анна мен Беатрис финалда германиялық Вивиан Хайзен – мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салады.