Атырау облысында қатты жел шатырды ұшырып, электр бағанын көліктің үстіне құлатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті кеше өңір тұрғындарына 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23-28 м/секундына жететінін ескерткен еді.
«Бүгін, 15 қаңтарда қатты жел Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде шатырларды ұшырып әкетті. Бұл туралы бүгін диспетчерлік пультке сағат 14:32-де хабар түсті. Кенттегі Д.Қонаев көшесінде орналасқан мектеп пен 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры бүлінді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар М.Әуезов атындағы орта мектептің екі қабатты ғимаратында 828 ал, тұрғын үйде 974 шаршы метр шатырдың аумағы бүлінгені анықтылды. Жел ұшырған шатыр электр бағанасын «Тойота-Камри 70» маркалы автокөліктің үстіне құлатты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы мен жергілікті атқарушы органның 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.