Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Жаппай тәртіпсіздік барысында Денсаулық сақтау объектілеріне 20 шабуыл жасалды. Олардың қатарында 5 аурухана, 1 емхана және Алматы қаласында 14 дәріхана бар. Сондай-ақ, 7 медицина қызметкері зардап шекті. Оның бесеуі – Алматы және біреуі – Шымкент қаласында, біреуі – Алматы облысында», деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол қиратылған көліктерге тоқталды.
«Төрт өңірде 45 жедел медициналық жәрдем автокөлігінен зиян келтірілді. Атап айтсақ, Алматы қаласында - 31, Шымкент қаласында - 7, Алматы облысында - 5, Жамбыл облысында – 2 көлік қирады. Оның ішінде 4 автомобиль жөндеуге жарамайды», деді Әсел Артакшинова.