• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қаңтар, 2022

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 12 орынға көтерілді

196 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. 13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған.

11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен үздік ондықты түйіндеп тұр.

Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12-орынға дейін көтерілмеген.

Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева да рейтингте бір саты жоғарылады. Қазір Путинцева 1400 ұпаймен 42-орында. Сонымен қатар, төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шыққан.