• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2022

Ақмола облысында республикалық маңызы бар екі жол жабылды

175 рет
көрсетілді

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысында боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты 16 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Макинск - Ақсу - Торғай бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. (Макинск қаласы - Торғай ауылы), Екатеринбург - Алматы жолы (1114-1227 км, Жалтыр станциясы - Қажымұқан ауылы).

Сондай-ақ, 16 қаңтарда сағат 23.30-дан бастап боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар жол бөлігі Екатеринбург-Алматы тас жолы (1229-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы - шекара) жолаушылар және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Министрлік төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында көлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауға кеңес берді.