• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2022

Қарағанды облысында аусыл індетінің ошағы анықталды

295 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Шет ауданында аусыл індетінің ошағы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Індет Киікті ауылдық округінің Талдыбұлақ қыстағындағы «Мұрат»  шаруа қожалығында ірі қара мал арасында тарады.

14 қаңтарда фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды.

Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Асқар Жақыпбаевтың шешімі бойынша дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қордан «Глюзамин ВЕТ» құралы бөлінді.

Індет ошағындағы мал қан шығарылмай жойылып, кейін ауру және олармен қатынаста болған жануарлар өртеледі.

«Жануарлардың өлекселерін өртеу арнайы жабдықталған инсинератор жылжымалы автокөлігінде жүргізіледі. Мал үшін өтемақы заңнамада белгіленген тәртіппен төленеді»», делінген хабарламада.

Қазіргі күні ошақтағы инфекцияны жою үшін республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелердің күштері тартылды.

«Ауруды оқшаулау үшін 6 арнайы техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, карантин соңғы ауру жануар жойылған күннен 21 күн өткен соң және ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілгеннен кейін қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес алынып тасталады», деді министрліктегілер.