Алматы әкімдігі қызметкерлердің бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қор құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы әкімдігі қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға жіберу туралы шешім шығарылды», деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.