«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18, 19 және 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Антициклон әсерінен елдің солтүстігінде күн суытып, жауын-шашын тоқтайды.
«Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін циклон ауа райына әсер етеді. Жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде термометр бағандары түнде 10-25 градус аязға, батыста 5-15 градус аязға, оңтүстікте 0-15 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған», делінген хабарламада.