• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

Крещение діни мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды

249 рет
көрсетілді

Ел астанасында коронавирусқа қатысты эпидахуалдың нашарлауына байланысты Крещение діни мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Қалада эпидахуалдың күрделілігіне байланысты Крещение қарсаңында шомылу өткізілмейді. Бұл - қаланың бас санитар дәрігерінің шешімі», дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады. Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.

Еске салайық, былтыр да елордадағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шоқыну мерекесіне арналған жаппай шомылу рәсіміне тыйым салынған болатын.