WBA (super), WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усиктің промоутері Александр Красюк Энтони Джошуаға қарсы өтетін қарымта жекпе-жектің келісімшартына әлі қол қойылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дәл қазір барлық әңгіме келіссөздердің төңірегінде жүріп жатыр. Александр Усиктің кімге қарсы шаршы алаңға шығатынын жақын күндері хабарлайтын боламыз. Әлбетте, бірінші кезектегі қарсыласымыз ұлыбританиялық Энтони Джошуа екені айтпаса да түсінікті. Өйткені біз қарымта кездесу өткізуге тиістіміз», деді Александр Красюк өзінің әлеуметтік желілердегі жазбасында.