• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Қаңтар, 2022

ШҚО-да «омикрон» штамы анықталған жоқ

293 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа көшті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, 16 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлері «омикрон» штамының айналымы мен COVID-19 жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты «қызыл» аймақта тұр.

Денсаулық сақтау басқармасының ресми деректері бойынша, осы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша өңірде бір тәулік ішінде инфекция жұқтырудың 213 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде 199 симптомдық және 14 симптомсыз вирус тасымалдаушылар бар. Десе де, облыс аумағында «омикрон» штамы анықталған жоқ.

Ауруханалардағы төсек-оырн қамтылуының жалпы көрсеткіші 9,6 пайызды құрайды. Бір тәулік ішінде төрт науқас сауығуына байланысты стационарлардан шығарылды. Стационар жағдайында барлығы 183 науқасқа ем көрсетіледі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Әлин брифингте өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

«17 қаңтарда облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес аймақта санитарлық-карантиндік шараларды қатаңдату қайта енгізіледі», деді ол.