ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады. Жыл басынан бері ауру 21 есеге өсті. Тек Түркістан облысы «сары» аймақта. Ал «қызыл» аймақта қалған аймақтар бар. Вирустың ең көп таралуы елордада, Алматыда, Қарағанды және Атырау облыстарында дерт тәулігіне тіркеледі. Біз күрт өсуді болжадық. Ең бастысы - барлық өңірлерде эпиджағдайды қатаң бақылауда ұстау қажет», деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.
Әлихан Смайылов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер үшін нақты орындалуы тиіс қосымша шектеу шараларын қабылдағанын атап өтті.
«Алдын алудың негізгі шаралары - бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Адамдар санитарлық талаптарды қаншалықты аз сақтаса, ауру соғұрлым жоғары болатынын түсінуі керек. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет», деді ол.