Батыс Қазақстан облысында республикалық жолда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал-Саратов жолы (72-104 км, Тасқала ауылынан РФ шекарасына дейін) жабылды. Қатты боранға орай осы жол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлама жолдады.