Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметіне Ноқрабеков Руслан Мосқауұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руслан Мосқауұлы Жамбыл облысы әкімі аппаратында Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінде бас маман болып еңбек еткен.
Бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының Цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келген.