ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы) Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы қаржы, әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады.
Үкімет басшысы Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды.