• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қаңтар, 2022

Күрес түрлерінен ұлттық құрамалардың бас бапкерлері ауысты

458 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда өткен федерацияның Атқарушы комитетінің бюросының отырысынан соң, күрес түрлерінен құрама командалардың жаңа бапкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері қызметіне Серік Жұмашев кірісті. 

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін Мадияр Құрамысов атқарады. 

Ал әйелдер күресінен команданың бас бапкері қызметі Серік Алшымбаевқа тапсырылды.

Жақында спорттық мансабын аяқталаған балуандар да жұмыссыз қалған жоқ. Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен, Дәулет Ниязбеков еркін күрестен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.