Бұл туралы Pavlodarnews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен.
18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі ауданында 1983 жылы туған азамат батып кетті.
Куәгердің айтуынша ол балық аулау үшін мұзбен каналдың ортасына қарай бет алған.
«Куәгер редукторын ретке келтірмек болып бұрыла бергенде ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне хабар берді», дейді департаментте.
Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері шықты.