• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2022

1083 адам тұтқыннан босатылды – Бас прокурор

357 рет
көрсетілді

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар ұсталған және тұтқындалған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін прокурорлардың қабылдаған шаралары жөнінде баяндады. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, олардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған.

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда  жазаны жеңілдету жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. Берілген мәліметтер бойынша әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Еске салайық, бүгін Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді.