• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2022

Қаңтар оқиғасы: Күдікті 31 адам азаматтық ауруханада емделіп жатыр

513 рет
көрсетілді

Биылғы қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында полиция және әскери қызметшілермен елде тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми мәлімдемесіне сүйеніп.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соттардың шешімімен күдікті адамдар қамауға алынған.

«Аталған адамдар тергеу изоляторларына қабылданған кезде міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, ПТР-тестінің теріс нәтижесімен қабылданады.

Дене жарақаттары немесе қандай да бір аурулар анықталған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі және прокуратураға хабарланады», деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев. 

Оның айтуынша, мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді.

«Бүгінгі таңда мұндай 31 адам бар, олардың 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-біреуден - Қызылорда және Атырау қалалық ауруханаларда емделуде. Олар дене жарақаттарын тергеу изоляторларына келгенге дейін алды. Біз оларды қамауға алғанда анықтап-тіркедік және прокуратураға хабарладық», деді ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары.