• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қаңтар, 2022

Ақпарат саласындағы өкілетті органдар жұртшылық сауалдарына жедел жауап беруі тиіс – Президент

533 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері басшыларының кеңесі кезінде халық өтініштеріне жедел жауап беруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күштік құрылымдар мен өкілетті органдар күш-жігерлерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруге тиіс.

Мемлекет басшысы тұрғындардың жыл басындағы қайғылы оқиғалар кезіндегі  қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

– Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Әкімшілігінің басшылығына аталған мәселені бақылауға алу тапсырылды.