Әлемдегі ең үлкен мұздық саналатын А68 енді жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz TRT-ға сілтеме жасап.
Мұздық 2017 жылы Антарктидадан үзілген кезде шамамен 6000 шаршы километр аумақты қамтитын еді. Ол небәрі үш жарым жылда еріп кетті.
Лидс университетінің ғалымдары еріген мұз массасынан бөлінген тұщы су мұхиттағы су ағындарының тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін. Бұл мұхиттарда биологиялық өзгерістерге әкеледі.