• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2022

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді

426 рет
көрсетілді

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 4-7 қаңтары аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, 304 бейнекамера, сондай-ақ, РТРК ғимаратында орналасқан байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды. Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.

 Жеке ВОЛС арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 мың 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ, шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 2022 жылы қалада орнатылған тағы 3 мың 500 камераны ЖБО-на қосу жоспарлануда», деп жазылған Алматы қаласы ПД таратқан хабарламада.