• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Қаңтар, 2022

Антибиотикті орынсыз қолдану қауіпті

346 рет
көрсетілді

2019 жылы бүкіл әлемде антибиотикке төзімді бактериялар тудырған инфекциялардан 1,2 миллионнан астам адам қайтыс болды. Антибиотикке төзімділік оны орынсыз көп қолданғаннан пайда болады.

Бұл безгек немесе ЖИТС-тен болған өлім-жітімнің бір жылдық санынан да көп. Бұл тұрмысы төмен елдерде жиірек кездескенімен, микробқа қарсы тұрақтылық әр адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Ал денсаулық саласындағы бұл мәселемен күресу үшін жаңа дәрі-дәрмектер шығару ісіне қаражат салып, бар дәрілерді орнымен пайдалану ұсынылып отыр. Себебі соңғы жылдары инфекция кезінде адамдар антибиотиктерді шамадан тыс қолдану арқылы олардың ауыр инфекцияларға қарсы тиімділігін азайтып жіберген.

Осылайша, науқастар жиі кездесетін, емдеуге болатын инфекциялардан өліп кетіп жатыр, өйткені оларды тудыратын бактериялар адамзатқа белгілі ем-домға үйренісіп, әбден төзімді болып алған.

Жақында Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері егер антибиотиктер орнымен берілмесе, микробқа қарсы тұру (AMR) COVID-19 індетінің тасасында «жасырын жатқан пандемия» деп ескерткен.

Lancet журналында жарияланған зерттеу Ва­шинг­тон университеті (АҚШ) бастаған ха­лық­ара­лық зерттеушілер тобы жүргізген 204 елдің талдауына негізделген. Олардың айтуынша, антибиотикті орынсыз салдыра берген адамдардың ағзасы қарапайым инфекцияның еміне бой бермей, қайтыс болған. 2019 жылғы есеп бойынша түрлі індеттен қайтыс болған бес миллионға жуық адамның өліміне осы жағдай әсер еткен болуы мүмкін. Ал тікелей осы себептің салдарынан 1,2 миллион адам өмірімен қош айтысқан.