Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы сайлауда жаңа бас директор лауазымына жалғыз үміткер болды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСҰ-ның сайтына сілтеме жасап.
ДСҰ атқарушы комитеті Женевада ашылатын 150-сессияда ДДСҰ бас директоры ретінде екінші бес жылдық мерзімге тағайындауға Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Шешім 22-28 мамыр аралығында Ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы шығарылады.
Үміткерлерді қабылдау 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін жалғасты. Нәтижесінде ұйымға мүше 28 мемлекет Гебрейесустың кандидатурасын ұсынған. Бұл мемлекеттер қатарына Австрия, Ирландия, Қазақстан, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кук аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад және Тобаго кіреді.
Айта кетейік, бас директор - денсаулық сақтау саласындағы ұйымның халықаралық қызметін бақылауды жүзеге асыратын ДСҰ-ның бас әкімшілік тұлғасы. Гебрейесус 2017 жылы ДСҰ-ның бас директоры болып тағайындалды.