• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қаңтар, 2022

Ақтөбеде кісі өлтірген күдікті қамаудан қашып кетті

334 рет
көрсетілді

Ақтөбеде адам өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам қашып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті 23 қаңтар күні тергеу изоляторынан медициналық көмек көрсету үшін Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөліміне емделуге жеткізілген. Жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызғыштың құттысын ұстап қашқан.

Қазіргі уақытта арнайы топ құрылып, күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Аталған факт бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады (ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу». Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстарды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі аудит жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады», деп хабарлайды Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті.

«Мой город» порталы әлеуметтік желілерде іздеу жарияланған хабарламаны жариялады. Онда 1973 жылы туған Айтқалиев Мұрат Жұмағалиұлының аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгені, сырт киімсіз жүргені айтылған.