• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

299 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады. Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.