• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2014

Қызылордада Наурыз мерекесіне ең үлкен шелпек пісірілді

460 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында Әз Наурыз мерекесіне ең үлкен 7 шелпек пісірілді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Сыр өңірінің жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауға арналған іс-шараларды бастады. Ән мен күйден кенде емес киелі аймақта жарапазаншылар Жаңа жыл мерекесіне шақырып, бір-біріне жылы лебізін арнады. Осындай сәттің бірінде Жаңаталап ауылы тұрғындары арасында күлше мен наурыз көже пісіруден жарыс өткізілді. Батаны мүдірмей айтқандар да болды. Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаев мәлімдегендей, жұртшылық диаметрі 1 метр болатын шелпектен дәм  татыпты. Ал әртүрлі сайыс бойынша сынға түскен озаттарға бағалы сыйлықтар  табыс етілді. Әз Наурыз-жыл бастауы. Атам қазақ осы мерзімде ұрпағы үшін ырымдап тал отырғызған. Үй ауласын таза ұстап, егін салған. Осынау тірлік әр жыл сайын жалғасып жатыр... Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: «Қазақстан» телеарнасы