• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2022

Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы 17 млрд долларға жетті – Қ.Тоқаев

626 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Қытайдың өзара тауар айналымы 17 млрд долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде екіжақты тауар айналымы барлық жаңа рекордтық белгілерге жетіп отыр. Өткен жылдың 11 айының қорытындысында бұл көрсеткіш 17 млрд долларға дейін жетті. Орталық Азия мемлекеттеріне 40 млрд долларлық қытай инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі. Бұл да өте жақсы көрсетіш. Сондықтан біздің еліміздің өңірдегі Қытайдың ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналуы заңдылық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік инвесторларды, оның ішінде қытайлық серіктестерімізді мұнан ары да жан-жақты қолдауға ниетті екендігімізді атап өткім келеді», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан Үкімет іинвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық саясат әзірлеп жатқандығын атап өтті.

«Мұндай саясат Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының ажырамас бөлігі саналады», деді  ҚР Президенті.