Жамбыл облысы полициясының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Chevrolet Cobalt көлігі тоқтатылды. Анықталғандай, ер адам осы көлікпен қала ішінде такси қызметін көрсетіп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесі оның жалпы салмағы 4 келі 649 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.
Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктінің психоактивті заттарды қолданғанын растаған.
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.