Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес берілген өтініштер бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жеті топ-менеджері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың сайтына сілтеме жасап.
Берілген өтініштерге сәйкес атқаратын қызметтерінен:
Кравченко Андрей Николаевич, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі; Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры; Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры; Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директоры; Есполов Бектенбай Тілектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бірлескен басқарушы директоры; Түсіпбеков Жанат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасы; Қожақов Куат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры босатылды.