• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2022

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшысы отставкаға кетті

639 рет
көрсетілді

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Питер Гриффитс отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы 7 желтоқсандағы өз өтініші бойынша 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылады. Питер Гриффитс «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құрылғаннан бері 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен азаматтық авиацияны басқару бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық модельге сәйкес авиациялық әкімшіліктің қалыптасуы өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет енгізіліп, ТМД елдері арасында бірегей болып танылды», деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитеті.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша 2021 жылғы 2-11 тамыз аралығында өткізілген ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберінде ИКАО аудиторларының саланы тәуелсіз тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15%-ға асып, 84%-ға жетті.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының міндетін 2019 жылғы желтоқсаннан бастап Бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы Линда Орлэди уақытша атқаратын болады.