• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2022

Қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдай алады

359 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «100 күн - 100 сұрақ» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті отандастар! Ел Президенті жария еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдары бойынша барынша жіті және жедел ден қоюға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыруға барынша күш-жігер жұмсайды. Осыған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстана отырып, қазақстандықтардың мүдделерін бірінші орынға қоя отырып, сіздерге бюрократиясыз қарапайым азаматтардың, қоғамшылдардың қатысуымен ашық диалог құруға қолдау көрсетуге шақырамыз. Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған «100 күн - 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз», деп жазды Ажар Ғиният Facebook парақшасында.

Медициналық көмектің сапасын және денсаулық сақтаудың басқа да аспектілерін жақсарту туралы ұсыныстарды төмендегі әлеуметтік желілердегі аккаунттарға және электрондық поштаға жіберуге болады:

100dnei100voprosov@mail.kz.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link

https://www.facebook.com/MinzdravRK