• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2022

«Қазақстан Темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы өсті

908 рет
көрсетілді

«Қазақстан Темір жолы» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру қолға алынды; ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілді; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания 70 млрд теңге бөлді.