• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қаңтар, 2022

Коронавирусты анықтайтын биодатчик шықты

432 рет
көрсетілді

Оңтүстік кореялық ғалымдар тобы коронавирус штамдарын 30 минут ішінде анықтай алатын скринингтік биодатчикті ойлап тапты, деп хабарлайдыEgemen.kz  The Korea Herald-қа сілтеме жасап.

KIST Корея Ғылым және технологиялар институтының Ли Кван Хи бастаған топ «АСЕ2» деп аталатын ангиотензин түрлендіретін фермент арқылы штаммдарды анықтай алатын жоғары сезімтал және портативті биосенсер жасап шығарды.

ПТР сынағы қазіргі уақытта коронавирусты анықтаудың ең көп қолданылатын әдісі болып табылады, ол SARS-CoV-2, COVID-19 вирусының генетикалық материалын іздейтін молекулалық тест.

ПТР тестінің нәтижелері әдетте кем дегенде бірнеше сағатты алады, ал биодатчик вирустың бар жоғын 30 минут ішінде сәтті анықтайды.

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың 13 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Бұл пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш. Қазір Омикрон Кореядағы басым штаммға айналды, өткен аптада оның анықталу деңгейі 50 пайыздан асты.