Ресейде вакцина алған азаматтар туралы мәліметтер базасы сатылымға шығарылды. Үкімет тексеру жұмыстарын бастады. Шенеуніктер базада жеке мәліметтер жоқ дейді.
COVID-19-ға қарсы вакцина ектіргендер туралы QR-кодтардың деректер базасы «даркнеттегі» форумда сатылымға шығарылған.
Сатушы база «мемлекеттік қызметтегі» қосымшадан алынған деп мәлімдейді. Оның айтуынша, базада барлығы 48 миллион адам бар. Өткен жылдың соңына дейін шамамен осынша адам вакцина салдырған еді. Сатушы базаны қымбатқа бағалап отыр. Ол 100 мың АҚШ долларына сататынын айтты.
Сатушы алдымен үлгі жібереді, онда тек 10 мың адам бар. Базада келесі деректер қамтылған: аты-жөнінің орыс және ағылшын тілдеріндегі алғашқы әріптері, туған күні, пациенттің жазба нөмірі, паспорт нөмірінің алғашқы екі және соңғы үш саны, вакцинаның атауы және PNG форматындағы QR коды.
Тексеріс нәтижесінде, QR кодтарының жарамдылығын расталды. Яғни үлгідегі деректер ресми кодтарды тексеру парағында көрсетілгенге сәйкес келеді.
Сейсенбі күні, яғни 25 қаңтарда Ресей Цифрлық даму министрлігі ақпараттың сыртқа шығып кетуіне байланысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, бұл ретте жеке деректерге төнген қауіп жоқ деп сендірді.