Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ, халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды.
Қ.Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 26 млрд. долларға дейін, яғни 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады.
Жалпы, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 млрд. долларға жетті.
Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.