• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Қаңтар, 2022

Бекзаттың қарсыласы белгілі

228 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұр­дәу­летовтің кезекті қарсыласы бел­гілі болды. Ол 5 ақпан күні Ақтауда өтетін бокс кешінде Нидерланд өкілі Чико Куасимен жұдырықтасады.

Жергілікті Adal Promotions компа­ниясының ұйымдастыруымен өткелі отырған дүбірлі додада әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі төртінші кездесуін өткізеді. Отандасымыздың 23 жастағы қарсыласы Чико Куаси бүгінге дейін шаршы алаңда алты жекпе-жек өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен. Бір кездесуі тең есеппен аяқталған. 10 раундтық форматта өтетін жекпе-жекте екі боксшы WBO Youth белдігін сарапқа салады.