• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2022

Ұрлық жасағандардың жазасы қатаңдатылды

628 рет
көрсетілді

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыған дейін айтқанымдай, ұрлық қылмыс бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі пәтер тонау. Пәтер тонаушылар екіге бөлінеді кәсіби және әуесқой. Пәтер тонау көбінесе көктем мен жазда болады. Себебі күн жылы немесе ыстық кезде үй иелері терезе мен есікті ашық қалдырып жатады. Ал ұрлықшылар осы сәтті қалт жібермейді. Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тонау мен ұрлыққа қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Яғни, ұрланған мүлік иесіне қайтарылып, екіжақ татуласқан күннің өзінде қылмыскер заңға сәйкес жазасын өтейді. Сол сияқты жаза қатаңдатылды», деді Диас Қадіров полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.