• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2022

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол басшылары қызметінен босатылды

692 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен «Қорғас» АЭА-ға барды. Сапар барысында теміржол станциясының екі басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамаубаев пен Сауранбаев KTZE-Khorgos Gateway порты, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу бекеттері жұмысын тексергені хабарланды.

«Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өтіп, онда Қазақстан-Қытай шекарасында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесінде Достық және Алтынкөл шекаралық теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды», деді баспасөз қызметі өкілдері.