• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2022

Емізулі баласы бар әйелді изоляторға қамаған

188 рет
көрсетілді

Бұл жайында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бүгінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қызылорда облысындағы қамауда болған аналардың жағдайына тоқталған Эльвира Әзімова жарақат алған, созылмалы ауруы бар адамдар мен балалары бар әйелдерге қатысты бұлтартпау шараларын жеңілдету керек деп есептейді.

«Мысалы, Қызылорда қаласының тергеу изоляторында екі әйел болған. Олардың біреуі бала емізеді екен, екіншісінің 4 жастағы баласы болған. Біздің өтінішімізге сүйеніп, прокуратура бұлтартпау шарасын өзгертті. Аталған әйелдер қазіргі уақытта үйінде, балаларының қасында. Осыған байланысты мен қазір біраз қоғамдық ұйымдармен бірге жұмыс істеп жатырмын», деді Эльвира Әзімова.