• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2022

Пәтер иелерінің жиналысын өткізуге болады

129 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойын­ша еліміздегі көп пәтерлі үйлердің 75%-да жай серіктестік және меншік иелерінің бірлестігі құрылды. Енді E-gov порталында электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен пәтер иелерінің жиналысын өткізуге және үйді басқару нысанына қатысты дауыс беруге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 34 933 үй басқарудың жаңа түріне көшті. Оның ішінде 2 852 үйде мүлік иелерінің бір­лестігі (МИБ), 32 081 үйде жай серіктестік құ­рылды. Бұл – елдегі көп пәтерлі тұрғын үй қорының 75%-нан астамы.

Басқарудың жаңа нысандарына көшкен көп пәтерлі үйлер саны Ал­маты қаласында (3 523), Шығыс Қа­зақ­стан (2 789), Ақмола (2 523) және Қостанай (2 451) облыстарында көп.

Естеріңізге сала кетейік, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында жұмыс істеп келе жатқан пәтер иелерінің кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қызмет ете алады. Осы мерзімнен кейін олар акт бойынша барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды үй кеңестеріне бе­ріп, заңнамада айқындалған тәртіп­пен таратылуға тиіс.

МИБ-ке көшу рәсімін жеделдету үшін E-Gov порталында жаңа нысанды тіркей отырып, электронды дауыс беру қызметі іске қосылған.

Авторландыру ЭЦҚ көмегімен жүр­­гізіледі. Онда автоматты түрде тір­­кеуден өтуге, «меншік иесі» мәрте­бе­сін растауға және өз үйі бойынша дауыс беруге бастама көтеруге бола­ды. Жиналыстың күн тәртібін айқын­дағаннан кейін меншік иелері жина­лысқа сілтеме бойынша кіріп, таңдауын жасап, ЭЦҚ-мен қол қояды.

Үйді басқарудың жаңа формалары туралы zhkh.kz порталынан толығырақ білуге болады. Ал тақырыпқа қатысты сұрақ­тарыңызды suraqtar.kz сайтында қоя аласыздар.