• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2014

Елбасы атына Алматы облысындағы шағын және орта бизнес өкілдерінен жеделхат пен хаттар келді

290 рет
көрсетілді

Авторлар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық аясында қабылданған шешім үшін ризашылықтарын білдірді.  Бұл туралы Ақорда.kz хабарлады. Атап айтқанда, Текелі қаласындағы «Кактас» ЖШС директорының орынбасары Н. Гонтей шағын және орта бизнес субьектілерін жоспарлы тексеруге мораторийді қажетті шара және бизнесмендерді нақты қолдау деп атады. «Мрамор-Тас» ЖШС атқарушы директоры М. Қапсалаев тексеруге мораторий кәсіпкерлерге шынайы қамқорлықты көрсететін қадам екенін атап өткен. «Бұл бізге, бірінші кезекте, көп жағдайда ешқандай негізсіз, кенеттен болатын тексерулердің кесірінен уағдаластық міндеттемелеріміз бұзылады-ау деп қорықпай, өз бизнесімізді нақты жоспарлауға мүмкіндік береді», – делінген хатта. Шонжы ауылының кәсіпкері Р. Баратова Қазақстан Президентінің шешімі кәсіпкерлікті қолдаудағы жаңа түбегейлі өзгерістердің бастауы болатынына сенім білдірген. Өтеген батыр кентіндегі «Жолбарысты» ЖШС директоры Г. Сейтасанова Мемлекет басшысына елімізде бизнестің даму мәселелеріне тұрақты көңіл болып отырғаны үшін рахметін айтады. «Тексерулерге мораторий бізге қызметкерлеріміздің отбасыларының әл-ауқатын арттыруға, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруге септігін тигізетін қазіргі жобаларымызды жүзеге асыруға және жаңаларын әзірлеуге ден қоюға мүмкіндік береді», – деп жазады автор. Дереккөз: Ақорда. kz. Фото: Astana.gov.kz.