• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Қаңтар, 2022

Армения жастарымен кездеседі

117 рет
көрсетілді

Қазақстан жастар командасы (U-19) Ар­менияда жолдастық кездесу өт­кізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол феде­рациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жастар құрамасы елордада оқу-жат­тығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.

Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын белгілі бапкер Вахид Масудов жаттықтырады. Бұған дейін ол «Ақтөбе» клубының тізгінін ұстаған болатын. Ал былтыр U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған еді.