• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2014

Экстремистер Ливан әскерлеріне шабуыл жасады

288 рет
көрсетілді

Қаруланған экстремистер Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында әскери күзеттерге шабуыл жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Аль-Манар» телеарнасында айтылғандай, содырлар Сук-эль-Ходр ауданы мен Ан-Насыри мешіті маңындағы әскери көліктер мен бекеттерге оқ жаудырған. Дегенмен, Ливан әскерлері шабуылдың бетін қайтарып, бес содырды қолға түсірген. 

Өткен аптада радикалды топ мүшелері бір сарбазды мерт қылып, алтауын жаралаған. Сунниттер мен алавиттер ауданында жауласқан топтардың қақтығыстарын басу үшін Триполиге қосымша әскер кіргізілді. Қарулы қақтығыстардан соңғы екі тәулік ішінде 12 адам қаза болып, 96-сы жарақат алды. Үкімет басшысы Тамам Салям әскери қызметкерлерден мемлекет астанасындағы қантөгісті тоқтатуды талап етті.

Кеше Ливан әскер күзеті Триполидің солтүстігіндегі Вади-Халед елді мекенінде Сирияның 19 содыры мен Ливанның 2 азаматын ұстады. Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі мен байланыс құралдары тәркіленген. Сондай-ақ әскери қызметкерлер Бекаа алқабында екі миналанған автокөлікті залалсыздандырды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com.

Фото: Itar-tass.com.