Әз Наурыз мерекесі күні Астана қаласындағы тәртіп мәселесін 2 мың полицей қадағалайды. Оның 500-і жол қауіпсіздігіне жауапты. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Мереке күні «Қазақ елі» монументі тұсындағы Тәуелсіздік даңғылы мен оған параллель жатқан көшелер жабылады. Нақты айтқанда, уақытша шектеу наурыздың 21-23 аралығында таңғы сағат 8-ден бастап іс-шаралар аяқталғанға дейін жалғасады. Бұл 3 күнде көлігі барлардың Орынбор көшесі бойындағы айналма жолмен жүргендері жөн.
21 наурыз күні сағат 11:00-ден,15:00-ге дейін мешітке баратын жамағатқа арнап қосымша №41,№35,№46 маршруты жолға шығарылады.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Newskaz.ru.