• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2022

Алматының метро станциясында оқ-дәрілер табылды

287 рет
көрсетілді

Дозор есімді патрульдік ит Алматыдағы метро станцияларының бірінде оқ-дәрілер тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Инспектор-кинолог «Абай» станциясына іргелес аумақты аралауға шыққан. Бір сәтте жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті иіс сезіп, серіктесін шыршалы аллеяға алып келді. Нәтижесінде, ағаштың астынан калибрі 5.45 калашников автоматына тиесілі саны 30 дана патрон, екі жарық-шу гранатасы табылды. Оқ-дәрілерді іс жүргізу тәртібімен Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тәркіледі», деп хабарлады метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.